Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілді


10:16, 6 қараша 2025

Грекия мен Түркия шекарасына жақын орналасқан Драма қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасының мәліметінше, жер асты дүмпулері елдің кейбір аймақтарында да сезілген.

Жер сілкінісі 5 қараша күні, сағат 12:16-да (Қазақстан уақытымен) тіркелді. Оның ошағы жер бетінен 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккендер үйінді астынан шығарылуда екенін жазғанбыз.