грант конкурсына құжаттарды қабылдау қашан басталады


17:46, 25 маусым 2025

Бүгін, 2025 жылдың 25 маусымында Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге арналған маңызды ақпаратпен бөлісті. Қазақстанның болашақ студенттеріне грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатыны жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатыны да нақтыланады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
  • B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар.

Айта кетсек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайына тоқталып, оның тың жаңашылдығымен бөліскен болатын.