Гимнаст Дмитрий Патанин Венгриядағы Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды


21:26, 27 қыркүйек 2025

Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Патанин 13.900 ұпай жинады.

Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.