Гимнаст Дияс Тойшыбек Словениядағы Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды


18:38, 17 мамыр 2025

Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасының өкілі Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ат үстіндегі жаттығу бойынша үздік нәтиже көрсетті. Финалда Тойшыбек өз өнері үшін 14,033 ұпай алды.

Оның командаласы Зейнолла Идрисов екінші орынға ие болды — 13,866 ұпай. Ал албаниялық Матвей Петров қола жүлдені еншіледі — 13,200 ұпай.