Вашингтон 100 ұпай жинап, ҰХЛ плей-офф кезеңіне бірінші болып шықты


12:43, 21 наурыз 2025

Александр Овечкиннің «Вашингтон Кэпиталс» командасы ағымдағы ҰХЛ маусымында бірінші болып 100 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне шығуға кепілдік берді. Спенсер Карбери шәкірттері соңғы тоғыз ойында сегіз жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық хоккейшілер ҰХЛ тұрақты маусымы аясында өз алаңында Филадельфия Флайерзті 3:2 есебімен жеңгеннен кейін осындай жетістікке жетті.

Осылайша Вашингтон 69 ойыннан кейін 100 ұпай жинап, жалпы кестенің көш басында келеді.

ҰХЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Кэпиталз» өз тарихында 14-ші рет бір маусымда «100+» ұпай жинады. «Хулиганы с Брод-стрит» командасымен жекпе-жекте Вашингтон көшбасшысы өзінің ҰХЛ-дегі мансабындағы 888-голын соқты.

Бұл нәтижелі әрекет Александр Овечкинді 6 гол қашықтықтағы канадалық Уэйн Грецкидің (894) рекордына жақындатты.