Бүгін жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр


10:50, 8 маусым 2025

Жыл сайын маусымның екінші жексенбісінде елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Малшылар күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқыма, аяқ киім, арнайы киім – күнделікті сұранысқа ие осы тауарлардың барлығы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Ал мал шаруашылығы саласының қызметкерлері еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, халықты табиғи өнімдермен қамтамасыз етеді.