14:00, 25 қазан 2025
Бүгін, 2025 жылы 25 қазанда Орал қаласында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында Ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және қоғам белсенділері қатысты.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әсем әуенмен бірге еліміздің көк Туы биікке көтеріліп, жиналған жұртшылық рухты сәтті ерекше сезіммен қабылдады.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін «Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өткен болатын.






Leave a Reply