Бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шықты


10:48, 8 наурыз 2026

2026 жылғы 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы арнайы рейстермен отанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді, делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс орындауды жоспарлап отыр.

«3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Бұған дейін Ираннан Қазақстанның қанша азаматы шығарылғаны хабарланған.