Бублик Ролан Гаррос турнирінінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасына есе жіберді


21:10, 4 маусым 2025

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнермен кездесті.

Бублик қарсыласына 1:6, 7:5, 0:6 есебімен жол берді.

Александр матч кезінде 5 эйс жасады және алты қос қателік жіберді. Екі брейк-пойнттың ешбірін сәтті пайдалана алмады.

Осылайша, қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінің жекелей сынындағы өнерін тегіс аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.