Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирінің бірінші айналымында-ақ жеңіліп қалды


21:13, 25 ақпан 2025

Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик бірінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссимнен 6:7 (7:9), 7:6 (7:4), 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 51 минутқа созылды. Бублик ойын кезінде 16 эйс жасады, жеті қос қателік және 17 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.