11:13, 27 ақпан 2026
Бразилияның Минас-Жерайс штатында нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Су басқан аумақта жерлеу қызметін көрсететін мекеме де қалып, қоймадағы бірнеше табытты су ағызып әкетіп, көшелерге шығарып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газета.ru басылымының жазуынша, тасқын су табыттарды қала көшелеріне дейін алып шыққан.
Аймақта төтенше жағдай режимі енгізілді.
Қарғын су мен лай көшкіндері салдарынан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары зардап шекті. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан 48 адам қаза тапқан.
Минас-Жерайс шататы – Бразилияның тарихи әрі өндірістік тұрғыдан маңызды өңірлерінің бірі.
Бұған дейін Оңтүстік Қазақстанда өзендегі су деңгейі көтеріліп, жолды су шайып кеткенін жазғанбыз.






Leave a Reply