Бразилияда танымал жағажайдағы туристердің көз алдында ұшақ теңізге құлады


10:58, 28 желтоқсан 2025

Рио-де-Жанейрода жарнамалық баннерді көкке алып ұшқан кішкентай ұшақ Копакабана жағажайы маңында теңізге құлады. Ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Republic World басылымы мәліметінше, жарнамалық компанияға тиесілі Cessna 170A танымал жағажайдың маңында теңізге құлдилай құлаған. Аталған оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды.

Құтқару топтары апат болған жерде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сүңгуірлер де теңіз түбін барлауда.

Апатты тергеуді Бразилия әуе күштері өз қолына алды, ресми тұлғалар ұшақ сынықтарын зерттейтін болады. Апатқа не түрткі екені әлі белгісіз, бірақ тергеу тобы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.

Бұған дейін Мексикада кісі толы бизнес-джет апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын.