Бокстан «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды


17:53, 10 сәуір 2025

10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзірбайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бапкерлер штабы тізімге төмендегі спортшыларды қосты:

  • 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова;
  • 50 келі: Элянур Тұрғанова;
  • 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова;
  • 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар;
  • 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова;
  • 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина;
  • 81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын.