18:39, 16 наурыз 2026
Эстонияның Отепя қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың соңғы күні екі эстафеталық сайыс өтті.
Жекелей аралас эстафетада еліміздің намысын Владислав Киреев пен Дарья Климина қорғады. Қазақстандық биатлоншылар бұл бәсекеде 21-орын алды.
Сондай-ақ аралас командалар арасындағы эстафета өтті. Вадим Куралес, Александр Мухин, Айша Ракишева және Милана Генева 23-орынға тұрақтады.






Leave a Reply