19:00, 12 наурыз 2026
12 наурызда Эстонияның Отепя қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық турнир аясындағы алғашқы жарыс — ерлер арасындағы спринт болмақ.
Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы сапынан үш спортшы сынға түседі. Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин жарыс жолына шығады.
Астана уақытымен 19:15-те басталады.






Leave a Reply