Бейбіт Жұқаев теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды


17:11, 4 наурыз 2025

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Францияның Тьонвиль қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін германиялық Макс-Ханс Ребергті жеңген болатын.

Матч екі сетке созылып, Жұқаев 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда Бейбіттің қарсыласы норвегиялық Николай Будков Кьер мен канадалық Лиам Драксль арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.