Банк арқылы алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады


13:45, 4 наурыз 2025

Алматы прокуратурасы 2025 жылғы 4 наурызда егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дропперлерден келтірілген залалды қалай өтеуге болатындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, дропперлер – бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам.

Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген.

Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

  • қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;
  • жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;
  • банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;
  • шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).

«Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар»,- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, мамандар азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Бұған дейін Алматы емханаларында пациенттерді сәйкестендіру үшін Face ID жүйесі енгізілуде екендігі хабарланған болатын.