21:16, 11 қыркүйек 2025
2025 жылғы 11 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-32» жүк кемесімен бірге ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың есептеуінше, тоғыз минуттан кейін кеме орбитаға шығуы тиіс. Ресей сегментіндегі «Звезда» модулімен түйісу 13 қыркүйектің кешіне жоспарланған.
Жүк кемесі орбитаға 2 516 кг жүк жеткізеді. Оның ішінде отын, ғылыми жабдықтар, су, оттегі және азық-түлік бар. Сонымен қатар ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуына арналған жаңа «Орлан-МКС» №7 скафандры да жеткізіледі.
Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 17 кг жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс (соның ішінде 5 кг грейпфрут пен 0,5 кг сарымсақ), сондай-ақ сублимацияланған өнімдер, консервілер, сусындар, тұздықтар мен екі түрлі кетчуп – «шашлық» және «лечо» жеткізіледі.
Бұған дейін Қытайдың зымыран ұшырып, үш жерсерікті орбитаға шығарғанын жазғанбыз.






Leave a Reply