Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді — 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты- 324 (152+172) келі.