10:46, 16 ақпан 2025
АҚШ армиясы трансгендерлерге Қарулы күштер қатарында қызмет етуге тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шешім Трамптың трансгендерлердің АҚШ әскерінде қызмет етуіне тыйым салатын, сондай-ақ тек екі жынысты – ер мен әйелді мойындайтын жарлығына байланысты.
«АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына жол бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлердің гендерлік трансформациясына қатысты процедураларды жүргізуді немесе жеңілдетуді тоқтатады», — делінген АҚШ Қарулы Күштері X әлеуметтік желісінде таратқан хабарламада.
The #USArmy will no longer allow transgender individuals to join the military and will stop performing or facilitating procedures associated with gender transition for service members.
Stay tuned for more details.
— U.S. Army (@USArmy) February 14, 2025






Leave a Reply