АҚШ-та Трамп енгізген тарифтерден кейін баға шарықтады


Америка халқы Дональд Трамп енгізген тарифтердің зардабын сезінуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Financial Times басылымының жазуынша, елде импортталатын тауарлардың құны өсуде. Бұл ретте, импорттық өнімдердің бағасы оның елдегі қоры азайған сайын артып отыр.

АҚШ-тың еңбек статистикасы бюросының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың наурызынан тамызына дейін елде қымбаттады:

  • аудиотехника (+14%);
  • көйлектер (+8%);
  • үй тауарлары (+5%).

«Бұл тауарлардың көпшілігі импорттық», – делінген басылымда.