10:21, 9 маусым 2025
АҚШ-тың Теннесси штатында ішінде 20 шақты адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы CNN Теннесси штатының жол-патруль қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып жазды.
«Теннесси жол-патруль қызметінің мамандары Олд-Шелбивилл жолындағы ұшақ апаты орнында көмек көрсетіп жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.
Бірнеше адам тікұшақпен эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін Ауғанстан астанасының 7 миллион тұрғыны қауіп алдында тұрғанын жазған болатынбыз.






Leave a Reply