АҚШ-та гуманитарлық жүк тасымалдайтын ұшақ әуеге көтерілген сәтінде құлап түсті


10:53, 11 қараша 2025

Coral Springs қаласында Ямайкаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақтың апатқа ұшыраған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбада ұшақтың тұрғын үйге соғыла жаздап, ағаштар мен қоршауды бұзып өткен соң көлге құлағаны, ал сынықтарының жерге шашылып қалғаны көрінеді.