АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпей қалуы мүмкін


АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер 6 ақпанға жоспарланғанымен, олардың өтпей қалуы бек мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru Axios басылымының жазуынша, бұған америкалық тараптың кездесуді Оманға көшіру туралы талаппен келіспеуі себеп болған.

«Біз оларға: не осы нұсқа, не мүлде болмайды дедік. Олар: «Жарайды, онда мүлде болмайды» деп жауап берді», – деп мәлімдеген АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздер.

АҚШ-тың ресми өкілі егер Иран келіссөздердің бастапқы форматына қайта оралса, кездесулер осы немесе келесі аптада өтуі мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар дайындағанын жазғанбыз.