Ақтөбе облысында полиция танысына заңсыз несие рәсімдеген күдіктіні ұстады


Ақтөбе облысында полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жәбірленуші полицияға өзіне заңсыз несие рәсімделгені туралы арызданды.

Тергеу іс-шаралары барысында күдікті әйел Қандыағаш қаласында танысының үйінде қонақта болып, «жұмыс істеймін» деген сылтаумен үй иесінің телефонын сұрап алғаны анықталды.

Телефонды алғаннан кейін әйел бірнеше минут ішінде екі банктен 1 млн 350 мың теңгеге несие рәсімдеп, оларды өз анасының шотына аударған.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция департаменті мұндай заңсыз операцияларды болдырмау үшін мобильді құрылғыларды бейтаныс адамдарға сеніп беруге болмайтынын еске салады.