Ақтөбеде үйдің ауласында оқушының мәйіті табылды


17:58, 28 ақпан 2025

Ақтөбеде үйдің ауласында оқушының жансыз денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы сағат 07:30 шамасында Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады.

Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.