Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті


17:14, 22 ақпан 2025

Ақтөбеде ТЖМ қызметкерлері құдыққа құлаған адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқару операциясы Астана ауданының «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында өткізілді. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі 3 метрге жуық ашық құдыққа түсіп, өз бетінше шыға алмаған.

ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, құдыққа баспалдақты орнатты, содан кейін ер адам жоғарыға көтерілді.

Құтқарылған адам үйіне жеткізілді. Құтқарушылар құдықты жауып қойды.