20:47, 15 наурыз 2026
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы Ақтау технологиялық колледжінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Ол референдум күні ұйымдастырылған тегін қоғамдық көлікті пайдаланып, дауыс беруге арнайы келді.
Бекзат Қадірбайдың айтуынша, референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін саяси науқан.
«Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Әсіресе жастар ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы керек», – деді белсенді жас Бекзат Қадірбай.






Leave a Reply