21:58, 15 сәуір 2026
Әлеуметтік желілерде белгісіз әйелдің орындықта отырған кішкентай қызға жақындап келіп, оның алтын әшекейін шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалған бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Ақтау қаласының 29-шағын ауданында, көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісі маңында болған. Оқиғаның нақты уақыты көрсетілмеген.
«Аталған дерек бойынша әйелдің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп жазды Lada.kz жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Бұған дейін Ұлытау облысында полиция ірі ұрлықтың бетін ашқанын жазғанбыз, онда да күдіктілердің іс-әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.






Leave a Reply