09:52, 24 сәуір 2025
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 00:10 шамасында Ақтау қаласының әуежайында,ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзып, ұшақтың борт серігімен жанжалдасып, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамға жат мінез-құлық көрсете отырып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.
Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және оның асырауында 5 баласының барын ескеріп, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
«Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды»,- деп үкім кесті сот.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақтөбе облысындағы әкімдердің бірі жанжалдың дәп ортасына іліккендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply