09:48, 22 ақпан 2025
Ақтауда автобус екі оқушыны қағып кетті. Автобус жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрған кезде өтіп бара жатқан. Осы кезде балалар жол қозғалысы ережелерін елемей, жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz-тің хабарлауынша, жарақат алған бір баланың аяғы сынған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылған. Ал екінші баланың қолы сынған. Басылым баланың травматология бөлімінде жатқанын жазды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне жол апаты фактісін растады.
«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруiне, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады полиция.






Leave a Reply