Бүгін, 2025 жылғы 4 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Самарқандта саммит пен халықаралық конференция өтеді. Бұл ретте, Ақорда қатысушылардың бірге түске суреттері мен кадрларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, таңертең мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа келді.
«Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды»,- делінген таратылған ақпаратта.
Сурет: akorda.kz
Артынша, «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылардың бірлескен суретке түсу сәті жарияланды.
Сурет: akorda.kz
Сонымен қатар, БОРТ N1 Telegram-арнасы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті басталмас бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйеннің пікір алмасқаны жайлы жазды.
Сурет: akorda.kz
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандқа 2025 жылдың 3 сәуірінде мемлекеттік сапармен ұшып келді. Әуежайда оны Өзбекстанның премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алған болатын.






Leave a Reply