Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ үшінші конференциясына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады», — делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін, 3 тамыз күні, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапармен келетіні белгілі болды. Алматыда Мемлекет басшысы мен Антониу Гутерриш келіссөздер өткізеді.






Leave a Reply