11:01, 11 сәуір 2025
Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 11 сәуірде Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келді.






Leave a Reply