18:02, 30 маусым 2025
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін», — деп жазылған жеделхатта.





Leave a Reply