Ақмола облысының тұрғыны ормандағы 430-дан астам ағашты заңсыз кескен


14:33, 7 наурыз 2025

Ақмола облысы Ақкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік орман қоры аумағында ағаштарды заңсыз кескен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 5 наурызда Ақкөл қаласының полиция бөліміне «Ақкөл Моншахтинск орманшылығы» КММ орман шаруашылығының бас маманынан 319 қайың және 113 көктерек ағаштарын заңсыз кесу туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде полицейлер заң бұзушыны — жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынын ұстады. Ер адам ағаштарды шынжырлы арамен кесіп, оларды тіркеме тракторымен апаруға тырысқан, бірақ оны полицейлер тоқтатты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.