Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 5 сәуірде «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы» бағытының 963-шақырымында болды.
«Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті», — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.






Leave a Reply