Ақмоладағы мектептен Калашников автоматы мен екі мылтық қолды қылған


09:27, 26 желтоқсан 2025

Білім ордасының мүлкін қолды қылған Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының ақпаратынша, қылмыс 2024 жылы Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған. Мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған мылтықтарды қолды қылған. Күдікті кінәсін толық мойындады.

«Күдікті сейфтің есігін бұзып, оқу-жаттығуға арналған Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтықты қолды қылған. Жалпы шығын көлемі үш жүз мың теңгеден асады», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Сот оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

Бұған дейін Көлік министрлігінің Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің тың мәліметтерімен бөліскенін жазғанбыз.