Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккендер үйінді астынан шығарылуда


09:13, 3 қараша 2025

2025 жылғы 3 қарашаға қараған түні Ауғанстанның солтүстігінде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер мен әлеуметтік желілердегі ақпараттарға сүйенсек, мыңға жуық азамат құрбан болуы мүмкін. Зілзаланың эпицентрі Ташқорған қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан.

Жер асты дүмпулері Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Пәкістан аумақтарында да сезілген. АҚШ геологиялық қызметі Ауғанстанда қауіптіліктің қызғылт сары деңгейін жариялады.