Ауыратлет Артем Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды


17:15, 14 мамыр 2025

Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дәуранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.