18:15, 4 қараша 2025
4 қарашада Атырау облысы, Құлсары қаласында айналма жолдың жанында орналасқан жанар-жағармай құю станциясының аумағында жанаржағармай таситын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі оттың дөңгелектен басқа дөңгелекке тез тарап, жанар-жағармай толы цистернаның жарылу қаупін ұлғайтты.
«Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар цистернаны суыту үшін көбікті қолданып, отты дереу сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және батыл іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзім ішінде толығымен сөндірілді», делінген хабарламада.
Бұған дейін ШҚО-дағы ЖШС-лардың бірінің аумағында алапат өрт болғанын жазғанбыз.






Leave a Reply