17:01, 22 наурыз 2026
Биыл Атырауда Наурыз Digital Nauryz форматында тойлануда. Ұлттық дәстүр мен заманауи технологияларды тоғыстырған мереке цифрландыру жылына қойылған мақсат-мүдделерді де біріктіріп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Исатай мен Махамбет атындағы алаңда үш тақырыпта киіз үй тігіліп, қонақтар бірегей цифрлық тәжірибелермен танысты.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Мысалы, мерекеге келгендер арнайы цифрлық киіз үйде орнатылған жасанды интеллект көмегімен ата-бабалардың ақ батасын алып, бір сәтке олардың асқақ рухы мен айбынын сезіне алды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Келесі киіз үйде қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін виртуалды түрде киіп көруге мүмкіндік алды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Ал үшінші киіз үйде еліміздің мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері жөнінде бейнероликтер көрсетілді.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Бұған қоса, алаңда алты интерактивті панель орнатылып, жұртшылық цифрлық жобалар мен инновациялық шешімдер жөнінде ақпарат алды.
Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Сондай-ақ көрермендер «Алақан» жобасымен танысып, «Роботтар шайқасы» шоуын тамашалады.






Leave a Reply