Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелді өлтіріп, үйін тонап кеткен


19:17, 29 сәуір 2025

Атырауда полиция элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 сәуір күні Атыраудағы «Француз ықшам ауданы» тұрғын үй кешенінен 46 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүкті болған.

Дереккөздердің хабарлауынша, әйелді пышақтаған, одан кейін пәтерінен бағалы заттарды ұрлаған. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмысты растады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.