Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді


4–10 шілде аралығында Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Еліміздің атынан 36 жас зілтемірші сынға түседі.

Азия біріншілігінде U17 және U20 жас санаттарында жүлделер сарапқа салынады.

Жарыс елорданың «Qazaqstan» спорт кешенінде ұйымдастырылады.