19:55, 31 желтоқсан 2025
Екі облыста Астана-Алматы тас жолы бойындағы қозғалыс шектелді. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған себеп — қолайсыз ауа райы.
«2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 19:00-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі». ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сонымен шектеулер мына өңірлерде енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автомобиль жолының 32-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Қарағанды облысы:
- «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автомобиль жолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);
«Жолды 2026 жылғы 1 қаңтар, сағат 09:00-де ашу жоспарланған».ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.






Leave a Reply