Астаналықтарға бес автобус аялдамасының уақытша ауыстырылатыны туралы ескерту жасалды


14:46, 27 сәуір 2025

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірден бес қоғамдық көлік аялдамасы уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

№15, 15А, 26, 35, 54, 60, 314 бағыттар уақытша «Арнау» тұрғын үй кешені аялдамасында жолаушыларды түсірмейді.

Сурет: City Transportation Systems

№27, 35, 66, 305, 312 бағыттар уақытша «ҚАЗГЗУ Университеті», «Республикалық Жас Ұлан мектебі» аялдамаларында жолаушыларды түсірмейді.

Сурет: City Transportation Systems

№35, 305, 312 бағыттар уақытша «Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы», «Бозарал» аялдамаларында жолаушыларды түсірмейді.

Сурет: City Transportation Systems