19:10, 15 қаңтар 2026
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын білім алушылар қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Білім басқармасының 15 қаңтардағы мәліметінше, онлайн оқу 0-11 (12)-сынып оқушыларына, сондай-ақ 9-сынып базасында оқуға түскен колледждердің 1-2 курс студенттеріне енгізіледі. Бұл шара тек бірінші ауысымға қатысты.
Шешім қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қабылданып, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оқу процесі қашықтан форматта ұйымдастырылады.






Leave a Reply