19:59, 29 шілде 2025
Елордада бірқатар аялдама атаулары өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы мекеме мәліметінше, қаладағы үш аялдаманың атауы өзгерген. Атап айтқанда:
- «Астана солар зауыты» аялдамасы – «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы», №№ 18, 37, 42 бағдарлары бойынша;
- «Альтаир салоны» аялдамасы – «Күлтөбе орамы», №№ 5, 5А, 8, 14, 22, 22А, 40, 64, 72 бағдарлары бойынша;
- «Бахус» СҮ аялдамасы — «Жас батыр» с/к, №№ 5, 5А, 6, 20, 33, 37, 71, 72 бағдарларында.
Бұған дейін Астанада Сейфуллин көшесі мен Қорғалжың тас жолы ішінара жабылатыны хабарланған.






Leave a Reply