Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады


20:52, 26 наурыз 2025

Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерге тегін жеткізетін арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:

  • «Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданынан, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылынан.
  • «Әзірет Сұлтан» мешіті – автобустар «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабынан аттанады.
  • «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – көлік «Көктал-1,2» тұрғын алабынан, Теміржол вокзалынан және Медициналық колледжден қатынайтын болады.
  • «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабынан және Киричный тұрғын алабынан қатынайды.
  • «Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығынан аттанады.

Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.