14:16, 26 ақпан 2025
2025 жылғы 26 ақпанда Астанадағы «Сарыарқа» сауда орталығы қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, өрт сауда орталығының негізгі ғимаратында және ғимараттың қаптамасында, 2 қабатты қосымша ғимаратта орын алды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 бірлік техника және 50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды.
Сағат 12:01-де ТЖМ мамандары өртті 50 шаршы метр алаңда жойды.
«Зардап шеккендер жоқ»,- делінген құтқарушылар ақпаратында.
Бұған дейін Алматыдағы сауда орталығында оқушылардың жаппай төбелескені хабарланған болатын.






Leave a Reply